Дүйсен Қасейінов міндетін Сұлтан Раевке тапсырды

Сұлтан Раев Анкарада Дүйсен Қасейіновтен міндетті қабылдап алды.

1811158
Дүйсен Қасейінов міндетін Сұлтан Раевке тапсырды
cavusoglu turksoy.jpg
Dusen Kaseinov-Sultan Raev.jpg

Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксойдың бас хатшысы болып сайланған Сұлтан Раев ел астанасы Анкарада салтанатты түрде Дүйсен Қасейіновтен міндетті қабылдап алды.

Міндетті тапсыру рәсіміне ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, ТР Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой, көптеген елшілер мен қонақтар қатысты.

Дүйсен Қасейінов қызметтік міндетін тапсырар алдында сөйлеген сөзінде 31 наурызда өткен Түріксой Тұрақты кеңесінің отырысында қабылданған шешіммен 14 жыл бұрын алған міндетін Раевқа мақтанышпен тапсыратынын айтты.

Қасейінов былай деді: «Түрік әлемінің түкпір-түкпірінен келген және менімен бірге жұмыс істеген достарымның барлығы бірдей сезімде деп ойлаймын. Біз тамаша адамдарды кездестірдік, достық қарым-қатынас орнаттық, бірегей мәдени көпірлер қалыптастырдық, ортақ мәдениетімізді әлемнің түкпір-түкпіріне насихаттадық. Мұңымыз бен қуанышымызды бөлістік. Бүгін мен міндетімді үлкен мақтанышпен және үмітпен тапсырамын».

Түріксой ұйымының бас хатшысы қызметіне кіріскен Сұлтан Раев: «Біздің ынтымақтастығымыз әлемдік өркениеттің дамуына да айтарлықтай үлес қосты. Уақыт өте Түріксой бүкіл әлемде беделге ие болып, мәдениет саласындағы ынтымақтастығымыздың брендіне айналды» деді.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу да Түріксойдың түрік әлемін тағы бір рет біріктіргенін айтты. Ол Қасейіновтың бас хатшылық қызметі бітсе де, түрік әлеміне қызметінің аяқталмайтынын айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар