Болған ананың жаңғыртпасы көрмеде

Болған ана мазарының ішінен табылған жәдігерлер елорда Нұр-Сұлтанда көрмеге қойылды.

1781016
Болған ананың жаңғыртпасы көрмеде

Қазақстанда Алтын Орда мемлекетінің мұрасын зерттеу жұмыстары жалғасуда.

Қарағанды ​​облысында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде Шыңғыс ханның Орталық Азия жерлерін билеген ұлы Жошы Ханның қалыңдығы немесе қызы атанған Болған ана мазарының ішінен табылған жәдігерлер елорда Нұр-Сұлтанда көрмеге қойылды.

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы Болған ана кесенесінен табылған жәдігерлердің және Болған ана жаңғыртпасының көрмесі ҚР Ұлттық музейінде өтті.

Болған ана кесенесіндегі археологиялық қазба жұмыстары барысында Алтын Орда дәуіріне мерзімделетін құнды археологиялық жәдігерлер табылған. Олардың қатарында жібек матадан тігілген сырт киім үлгілері, бағалы металлдан жасалған ыдыстар мен бағалы материалдар бар. Болған ана кесенесінен табылған антропологиялық деректерге негізделген Қазақстандағы алғашқы гипперреалистік мүсін жасалып, шапан мен қосалқы жәдігерлерінің реконструкциялары да көрмеге қойылды.

Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан  Жұмакенов бейітте қазба жұмыстары 2018 жылдан бері жүргізіліп жатқанын айтты. Жұмакеновтың айтуынша, кейбір тарихи деректерде Болған ана Шыңғыс ханның ұлы Жошы ханның келіні немесе қызы болып есептеледі.

Көрмеде Болған ананың балауыздан жасалған мүсіні келушілердің назарын аударды.

Жобамен айналысқан археологтар Болған анаға арналған шапанды Шыңғысханның ұлы Жошы хан тұсында бекзаттар кигенін және соларға тиесілі екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар