Ахмет Байтұрсынұлы Анкарада еске алынды

“Қазақ тілінің бетбұрыс кезеңі” атты халықаралық конференция Түріксой ғимаратында болып өтті.

1780281
Ахмет Байтұрсынұлы Анкарада еске алынды
Turksoy_Ahmet_Baytursun_kazak
Turksoy_Ahmet_Baytursun_kazak

Түрік әлемінің зиялысы, заманауи қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуы аясында Анкарада еске алу шарасы өтті.

Мағыналы шараны Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі және Түрік тілі қауымдастығы (TDK) Бас хатшылығы бірлесіп ұйымдастырды.

“Қазақ тілінің бетбұрыс кезеңі” атты Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған халықаралық конференция Анкарада Түріксой ғимаратында болып өтті.

Конференцияның ашылу сөздерін Түріксойдың  Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы және ТТҚ президенті Проф. Др. Гюрер Гүлсевин оқыды.

Халықаралық конференцияда Қазақстаннан А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл және ғылым институтының директоры, Проф. Анар Фазылжан, Л.Гумилов атындағы Еуразия университеті Түркология кафедрасы оқытушысы Проф. Амантай Шәріп, Қырғызстаннан  Шыңғыс Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының Манастану бөлімінің меңгерушісі Проф. Мээрім Көлбаева, Әзербайжаннан Ұлттық ғылым академиясы Несими тіл білімі институтының түрік тілдері бөлімінің директоры доц. Dr. Эльчин Ибрахим, Өзбекстаннан  Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі. Др. Эргаш Абдувалитов және Түркиядан Анкара Хажы Байрам Вели университетінің заманауи түрік диалектілері мен әдебиеті кафедрасының профессоры Гүлжанат Құрманғалиева Ержиласун баяндама жасады.

Түріксойдың Бас хатшысы Қасейінов өз сөзінде 20 -ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ғалым, әрі әдебиет қайраткері, Алаш Орда үкіметінің мүшесі А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Түріксой шаңырағында конференция өткізілгеніне қуанышты екенін жеткізді. Қасейінов сонымен бірге түрік әлемінің ортақ зиялысы болып табылатын Байтұрсынұлының өз еңбектерімен тек қазақ тіліне ғана емес, түркі әлемінің басқа тілдеріне де маңызды үлес қосқанын атап көрсетті.

Қазақстандағы ұлттық сана қозғалысы болып есептелетін Алаш қозғалысының 20-шы ғасырдың басында түрік әлемінің әр түкпірінде орын алған азаттық пен тәуелсіздік қозғалысының ажырамас бөлігі екенін айтқан Елші Абзал Сапарбекұлы болса Байтұрсынұлының қазақ халқының тұңғыш профессоры екенін де еске салды.

ТТҚ президенті Проф. Гюрер Гүлсевин Байтұрсынұлының зерттеулерінің түрік тілін дамыту мен оқытуға ерекше үлес қосқанын, оның кеңестік кезеңдегі түрік халықтарының тіл мамандары үшін маңызды дереккөз болғанын айтты.

Алқалы жиында сонымен бірге Түріксой басып шығарған жазушы Серікбай Оспановтың «Ұлт ұстазы» атты кітап таныстырылды.

Кітаптың тұсаукесерінен кейін  түрік әлемінің ғалымдары Ахмет Байтұрсынұлының өмірі, шығармашылығы және қазақ тілі мен әдебиетіне қосқан үлесі туралы ғылыми мақалаларын ұсынды.

Конференция қазақстандық өнерпаз Әсем Ережеқызының музыкалық концертімен аяқталды.



Ұқсас жаңалықтар