Дүйсен Қасейіновке марапат

Түріксойдың бас хатшысына «Нәзір Төреқұлов» медалі табыс етілді.

1773686
Дүйсен Қасейіновке марапат

Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксойдың Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Қазақстанның сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін марапатталды.

Қасейіновке марапатын Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы табыс етті.

Өкілетті елші Сапарбекұлы мен Қасейіновтың кездесуі аясында елші Абзал Сапарбекұлы Дүйсен Қасейіновке Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 28 маусымдағы Жарлығымен берілген «Төтенше және Өкілетті Елші» дипломатиялық дәреже марапатын және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 6 желтоқсандағы бұйрығымен берілген Қазақстанның сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін «Нәзір Төреқұлов» медалін және сертификатын табыс етті.

Медальді табыстау рәсімінде елші Абзал Сапарбекұлы Дүйсен Қасейіновтің адамдық қасиеті және мемлекеттік қызметкер ретінде үлгі тұтарлық бірегей тұлға екендігін атап өтіп, бұл қасиеттеріне тек қазақ елінің емес, барлық түркі мемлекеттерінің куә екенін айтты.

Сонымен қатар елші Сапарбекұлы түркі әлемінің дәстүрлерін, өнері мен мәдениетін әлемге танытудағы Түріксой жұмысының маңыздылығын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар