Бидай тиелген вагондар аударылды

Ауғанстанға бара жатқан бидай тиелген пойыздың 12 вагоны аударылды.

1772279
Бидай тиелген вагондар аударылды

Қазақстанда Ауғанстанға бара жатқан бидай тиелген пойыздың 12 вагоны аударылды.  

Қазақстан Теміржолдары ұлттық компаниясының хабарламасына қарағанда, оқиға елдің Қарағанды облысы территориясындағы Мойынты-Шаршаған стансасында болған.

Ауғанстанға бидай тасыған пойыздың 12 вагоны рельстен шығып аударылған.  Апатта ешбір адам шығын көрмеген.

Оқиға болған жерде жөндеу жұмыстары басталып кетті.



Ұқсас жаңалықтар