Акар Хасановты рәсіммен күтіп алды

Акар мен Хасанов екі жақтылы және аймақтық қорғаныс және қауіпсіздік тақырыптары мен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты қолға алды.

1771711
Акар Хасановты рәсіммен күтіп алды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Әзербайжан Қорғаныс министрі генерал Закир Хасановпен кездесті.

Хулуси Акар ресми шақырумен Түркияға келген Әзербайжан Қорғаныс министрі генерал Закир Хасановты Ұлттық Қорғаныс министрлігінде әскери рәсіммен күтіп алды.

Закир Хасанов құрмет кітабына қол таңба басқаннан кейін екі министр алдымен оңаша бас қосты, артынан делегациялар арасындағы кездесуге төрағалық етті.

Кездесулерде екі жақтылы және аймақтық қорғаныс және қауіпсіздік тақырыптары мен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық қолға алынды.



Ұқсас жаңалықтар