СКТР Президенті Эрсин Татар ОКПӘ-не наразылық көрсетті

Президент Татар Понти Ұлттық гвардиясының зымыран қорғаныс жүйелерін күшейту бастамасына наразылық көрсетті.

1769067
СКТР Президенті Эрсин Татар ОКПӘ-не наразылық көрсетті

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігінің (ОКПӘ) Понти Ұлттық гвардиясының (RMMO) қолындағы зымыран қорғаныс жүйелерін күшейту әрекеттерінің бейбітшілікке үлес қоспайтынын Жерорта теңізінің шығысында шиеленістің артуына себепболатынын мәлімдеді.

Президент Татар Түрік Агенттігі Кипрге (TAK) жасаған мәлімдемеде понтилердің бұл қадамын, СКТР ретінде үлкен мазасыздық және алаңдаушылықпен қадағалағандарын атап, «Понти тарапын тағы да парасаттылыққа шақырамыз» деді.

Өткен аптада бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-ге понти тарапына орналасуына рұқсат беріп, әрекеттерін заңдастырғаннан кейін қазір зымыран жүйелерінің күшейтілетіні туралы хабардың артқанын тілге тиек еткен Татар осылардың Жерорта теңізінің шығысындағы шиеленістің артуына себеп болғанын баса айтты.

Эрсин Татар «Біз СКТР ретінде мұны үлкен ыңғайсыздық және алаңдаушылықпен бақылап отырмыз. Бұл бастамалар бейбітшілікке қызмет етпейді» деді.

Түркияның да мұндай оқиғаларға наразылығын ортаға қойғанын еске салған Татар Понти тарапын парасаттылыққа шақырды.

Жерорта теңізінің шығысында теңгерімге назар аударған және бұрыннан келе жатқан кейбір түсініктер мен келісімдер бар екенін атап көрсеткен Татар «Түркия Республикасы Кипрдің кепілгер елі болып табылады. Кепіл ел ретінде Түркия Республикасының айтары бар, істейтіні бар, сөйлеуге құқы бар. Түркия Республикасы Жерорта теңізінің шығысында Түркияның да, Кипр түрік халқының да құқығы мен мүдделерін қорғау үшін бұл мәселеде әрқашан өз табандылығын міндетті түрде көрсетеді. Бейбітшіліктің жалғасуы, шиеленістің азаюы үшін жасалған шақыруларға қарамастан зымыран жүйесінің күшейтілуін ‘қорғаныстан гөрі шабуылдаушы ұстаным ортаға қоюдың ешбір мағынасы жоқ, өткені қарсыластарының Түркия екенін ұмытады’ деп ойлаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар