Әзербайжан Қорғаныс министрі Тегеранда

Әзербайжан Қорғаныс министрі Иран Қорғаныс министрі Аштианимен кездесті.

1768664
Әзербайжан Қорғаныс министрі Тегеранда

Әзербайжан Қорғаныс министрі, генерал Закир Хасанов Иранның бас қаласы Тегеранда Иран Қорғаныс министрі Мұхаммед Рыза Аштианимен кездесті.

Бұл туралы Иран Қорғаныс министрлігі жазбаша хабарлама жариялады. Хабарламада екі министрдің әскери қатынастарды талқылағаны айтылды.

Хасанов кездесуде Ирандық лауазым иелерінің Әзербайжанның территория тұтастығына берген қолдауларына байланысты алғыс айтты. Ол екі ел қатынастарын жетілдірудің маңыздылығын атап көрсетті. Хасанов сонымен бірге Иран Қорғаныс министрін Бакуге шақырды.

Аштиани де Иран және Әзербайжанның қарым-қатынастарының барлық салада жетілдірілуі керектігін баса айтты. Ол «Екі ел де геосаяси ерекшелігіне байланысты қатынастарын барлық салада жетілдіруге әлеуеті жеткілікті» деді.



Ұқсас жаңалықтар