Қытай және Орталық Азия елдері жиын өткізді

Қытайдың аймақ елдерімен дипломатиялық қатынас орнатқанына 30 жыл толды.

1768509
Қытай және Орталық Азия елдері жиын өткізді

Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпин Орталық Азиядағы бес елдің басшыларымен онлайн жиын өткізді.

Қытай мен Орталық Азия елдері арасында дипломатиялық қатынастардың орнатылуының 30 жылдығына арналған жиынға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Имамали Рахман, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов қатысты.

Си Қытай мен Орталық Азия елдерінің соңғы 30 жылда халықаралық қатынастарда үлгі болатындай жақсы байланыс жетілдіргенін білдірді. Ол осы табыстың құпиясының өзара құрмет, жақсы көршілік, қиын кезде ұйымшылдық және өзара пайдаға негізделгенін айтты.

Қытай басшысы Қытайдың аймақтың тұрақтылығы мен дамуына қолдау беретінін атап көрсетті. Ол «Халықаралық шарттар қай бағытқа бұрылса бұрылсын немесе Қытай қаншалықты өссе өссін, әрқашан Орталық Азия елдері сенетін жақсы көрші, серік және бауырлас ел болуды жалғастырады» деді.

Си өз елінің Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасты одан әрі дамытуды және бірге ортақ болашақ құруды қалайтынын айтты.  Ол коронавирус вакцинасы, дәрі және індеттен сақтану материалдарын қамдау тақырыбында аймақ елдеріне көмек беруге уәде етті.

Қытай басшысы Орталық Азия елдеріне биыл 50 миллион вакцина беретіндерін атап көрсетіп,  айырықша осы салада аймақ елдеріне технология және информация трансфері қамдайтындарын айтты.

Ол Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы сауданың 30 жылда жүз есе артқанын, Пекиннің аймақ елдеріндегі тікелей инвестициясының 14 миллиард долларға жеткенін де айтты.

Ол 2013 жылы Қазақстанда өткен жиналыста бірінші рет жарияланған «Белдеу және жол бастамасы» жобасы шеңберіндегі жұмыстардың Қытай мен аймақ елдері арасындағы экономиканың жетілуінде маңызды рол ойнағанын білдірді. Сондай-ақ елінің ауқымды нарығын Орталық Азия өнімдеріне ашуға дайын екендерін атап көрсетті. Ол өзара сауданың 2030 жылға дейін 70 миллиард долларға жетуін мақсат етіп қойғандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар