Президент Тоқаев отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесті

Тоқаев Қазақстан байлығының жартысының 162 адамның ғана қолында екенін растады.

1766409
Президент Тоқаев отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысының пікірінше, аз ғана элиталық топтар ықпалының артуы және халықтың басым бөлігінің табысының азаюы қауіпсіздікке айтарлықтай қатер төндірді. 

Тоқаев халықтың наразылығының ұлттық табыстың әділ бөлінуі бойынша теңгерімсіздік пен проблеманың бар екенін атап, «Мұны лаңкестік содырлар мен оларды қолдаған опасыздар пайдаланды» деді.

Қазақстан байлығының жартысы 162 адамның ғана қолында екені туралы халықаралық зерттеу компанияларының мәлімдемелерін растаған Президент Тоқаев "Теңсіздіктің қауіпті екенін айтқан болатынмын. Жағдайды дереу өзгерту керек» деді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде елімізде қалыптасқан ахуалды талқылап, халық игілігі үшін билік пен бизнестің өзара ықпалдастығына қатысты жолдарды айқындау қажет екенін айтты.

Президенттің пайымдауынша, бүгінде алдымызда бүкіл қоғамдық тыныс-тіршілікті түбегейлі трансформациялау міндеті тұр. Мұның стратегиялық мәні бар.



Ұқсас жаңалықтар