СКТР Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігіне наразылық көрсетті

СКТР Сыртқы істер министрі Тахсин Ертуғрулоғлу мәлімдеме жасады.

1765635
СКТР Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігіне наразылық көрсетті

Солтүстік Кипр Түрік Республкасының (СКТР) Сыртқы істер министрі Тахсин Ертуғрулоғлу Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігінің (ОКПӘ) Сирияда террор ұйымы PKK-ның саяси тармағы PYD-ге өкілдік ашуға рұқсат беруіне наразылық білдірді.

Ертуғрулоғлу жазбаша мәлімдемесінде Кипрде түріктерді жаппай қырып, аралды қанмен бояған террордың қолдаушы Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігінің арандатушы әрекеттерінің жалғасып жатқанын білдірді.

ОКПӘ Ішкі істер министрлігінің 12 қаңтар күні жасалған бір өтінішпен террор ұйымы PYD-ге Понти тарапында өкілдік ашқанын понти баспасөзінің жариялағанын білдірген Ертуғрулоғлу «Еуроодақ (ЕО) мүшесі ОКПӘ-нің бұл арандатушы әрекетінің аймағымыз және Жерорта теңізінің шығысында бейбітшілікке қызмет етпейтіні анық. Еуроодақтың бір мүшесінің террор ұйымына қамқорлық жасауына қандай қадам басатынын да көргіміз келеді. Түркияға қарсы әр түрлі дұшпандық әрекеттерге қатысқан террор ұйымына Оңтүстік Кипрде өкілдік ашып, террористерді өз қорғауына алған Понти әкімшілігі отпен ойнағанын білуі керек. Өкілдіктің басшысы болып тағайындалған PKK-лық террорист Черкез Коркмаз Оңтүстік Кипрдің террор ұйымына қолдауын мақтап, Кипр Понти әкімшілігінің террор ұйымы PKK-ға бұрын қалай қолдау көрсеткенін ортаға салды» деді.

Қанішерлердің ынтымақта болуының өздерін таң қалдырмағанын тілге тиек еткен Ертуғрулоғлу «Олардың ынтымақ екені бұрынан-ақ белгілі еді, қазір ресми бірлестік құру арқылы мұны жариялады. Олар ұмытпауға тиіс; өздері орнатқан тәртіпте бастарына төнген қауіпті байқаулары керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар