Назарбаев наразылықтардан кейін алғаш рет халыққа үндеу жасады

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың Твиттер аккаунтынан бейнеүндеу жариялады.

1764575
Назарбаев наразылықтардан кейін алғаш рет халыққа үндеу жасады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2 қаңтар күні басталып, 225 адамның өліміне әкеп соқтырған наразылық шерулерінен кейін алғаш рет бейнеүндеу  жариялады.

Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің жеке Твиттер аккаунтынан Қазақстанның тұңғыш президенті Назарбаевтың халыққа арнаған бейнеүндеуін жариялады.

Өз жолдауында Назарбаев елдегі оқиғалардың баршаны дүр сілкіндіргенін атап, «Баршаңызға мәлім, ұйымдасқан экстремистік топтар елімізде жаппай тәртіпсіздік орнатып, террористік шабуыл жасады. Лаңкестер елдігіміз бен егемендігімізге, тыныштығымыз бен тұтастығымызға қауіп төндіріп, жұрттың берекесін қашырды» деді.

Назарбаев «Мемлекет басшысын қолдау – баршамыздың азаматтық борышымыз. Ендігі кезекте осы оқиғадан сабақ алып, мұндай бассыздыққа жол бермеуге тиіспіз. Бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде атқарған істеріміз аз емес» деді.

Баспасөзде өзіне тағылған айыптарға тоқталған Назарбаев «Осының бәріне жауап ретінде мен мынаны айтқым келеді. 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевқа президенттік өкілеттікті бердім, содан бері зейнеткерлікке шықтым. Мен әлі де жұмыс істеймін. зейнеткер, мен сол уақыттан бері зейнеттемін. Әлі де зейнетте жүрмін. Қазақстанның елордасындамын және ешқайда кеткен жоқпын» деді.

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың толық өкілеттігі бар екенін және жақын арада «Нұр Отан» партиясының төрағасы болып сайланатынын да мәлімдеді. «Бұл тақырыптағы мәлімдемелер мүлдем негізсіз» деді ол.

Өзінің Қазақстан үшін шаршамай жұмыс істегенін атап көрсеткен Назарбаев «Қазақстан әлемге танылған еңселі елге айналды. Ұлан-ғайыр шекарамыз түбегейлі бекітілді. Елімізде іргелі реформалар жүзеге асып, Орталық Азияда көш бастадық. Еуразия жүрегінде, Сарыарқа төсінде жаңа астанамыз бой көтерді. Бірлік барда ешбір жау сағымызды сындыра алмас» деді.

Елдің тұрақтылық пен тыныштығының әрнәрседен маңызды екенін баса айтқан Назарбаев «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шұғыл шешімдерінің арқасында ел іргесі сөгілген жоқ. Мемлекет басшысын қолдау – баршамыздың азаматтық борышымыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар