Алматыда 149 адамның қаза тапқаны хабарланды

Алматы бас прокуратурасы 405 қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлады.

1763967
Алматыда 149 адамның қаза тапқаны хабарланды

Қазақстанда жанар-жағармай бағасының көтерілуіне қарсы басталып, аз уақыттың ішінде зорлық-зомбылыққа айналған шерулерде Алматыда 149 адамның қаза тапқаны хабарланды.

Қазақстан полиция департаменті де 2300 адамның ұсталғанын хабарлады.

Алматы бас прокуратурасы 405 қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Қазақстанның негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев та «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы қызметінен кеткені белгілі болды.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясындағы Бейбітшілік күштерінің бір бөлігі елден шықты.

Армения, Тәжікстан және Қырғызстанның сарбаздары өз техникаларымен елдеріне оралды.

Екінші жағынан Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтанды бұрынғы атауы Астанаға қайтару үшін мыңдаған қолтаңба жиналды.



Ұқсас жаңалықтар