Қазақстанда жағдай қалыпқа түсіп келеді

Шымкент қаласы мен Түркістан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында  төтенше жағдай режимі күшін жойды.

1762944
Қазақстанда жағдай қалыпқа түсіп келеді

Қазақстанда протест және күш қолдану оқиғалары себепті 5 қаңтарда ел көлемінде енгізілген төтенше жағдай 14 қаңтарда 4 облыста күшін жойды.

Қазақстан Президенттік сарайынан жасалған мәлімдемеде 14 қаңтардан бастап  Шымкент қаласы мен Түркістан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында  төтенше жағдай режимі күшін жойды.

Батыс Қазақстан мен Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында  төтенше жағдай аяқталғаны жарияланған болатын.

Сонымен бірге 6 қаңтарда елге орналасқан Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы "ҰҚШҰ" Бейбітшілік күші әскерлерінің елден кету процесі жалғасуда.

Алматы әуежайынан орыс әскерлері 13 қаңтарда шегінді. Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан және Армения әскерлерін тасымадаған 10-нан астам ұшақ елдеріне қайтты.

Елде өмір қалпына келуде, жұмыстары тоқтаған екінші саты банктер мен валюта бюролары ашылды.

Интернет қолдану шектемелері толық күшін жойды.

Сауда және көңіл ашу орталықтары, мейрамханалар мен кафелер қызмет бере бастады.

Ауыр зақымдалған Алматы қаласында тазалық пен реттеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қауіпсіздік күштері тарапынан қоршалған Республика алаңы қатынасқа ашылды.

Алматы әуежайында ішкі желі рейстеріне рұқсат берілді.

Оқиғалардың елдің экономикасына салған зияны 2017.7 миллион доллардан асқаны хабарланды.

Қауіпсіздік күштерінің террор операциялары Алматы аймағы мен Жамбыл облысында жалғасуда.

Бүгінге дейін ұсталған адам саны 10 мыңнан асты.

Оқиғаларда 164 адамның қаза тапқаны хабарын ресми органдар әлі растамады. 



Ұқсас жаңалықтар