Мәсімов отанға опасыздық қылмысымен тергелуде

Тергеу аясында Мәсімовтың орынбасары Әнуар Сәдықұлов пен Ерғожин Еділұлының ұсталғаны білдірілді.

1762276
Мәсімов отанға опасыздық қылмысымен тергелуде

Қазақстан Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов пен орынбасарларына байланысты "Билікті басып алу" бабы бойынша  қосымша қылмыстық іс басталды.

Қазақстан Ұлттық Қауіпсіздік комитетінен жасалған мәлімдемеде ұйымның бұрынғы басшысы Мәсімовқа бағытталып "Отанға опасыздық жасау"  бабы бойынша тергеудің жалғасқаны ескертілді.

Мәлімдемеде тергеу аясында Мәсімовтың орынбасары Әнуар Сәдықұлов пен Ерғожин Еділұлының ұсталғаны білдіріліп:

"Олар жайлы отанға опасыздық қылмысына қосымша билікті зорлықпен қолға түсіру және міндетін орынсыз қолдану жайлы заң үкімдеріне сай тергеу басталды. Тергеу аясында ұйымның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов және орынбасарлары Әнуар Сәдықұлов пен Ерғожин Еділұлының ұсталды. Зерттеу жалғасуда" деп көрсетілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы міндетінен алынған және 8 қаңтарда мемлекетке опасыздық жасау қылмысы бойынша бірнеше адаммен бірге қамалған болатын.

Тоқаев елдегі соңғы оқиғаларда Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің әсерсіз қалғанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар