Абдуллахиян Қазақстан сыртқы істер министрімен сөйлесті

Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Эмир Абдуллахиян Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен телефонда сөйлесті.

1762090
Абдуллахиян Қазақстан сыртқы істер министрімен сөйлесті

Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Эмир Абдуллахиян Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен телефонда сөйлесті. 

Иран Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Абдуллахиян мен  Тілеуберді екі ел қарым-қатынасы және аймақтық оқиғалар жайлы пікір алмасты. 

Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Эмир Абдуллахиян телефондағы әңгіме барысында Қазақстандағы оқиғаларды қадағалап отырғандарын білдіріп, Қазақстанның ұлттық егемендігіне қолдау көрсеткендерін және шетелдіктің килігуін айыптандарын баяндады. 

Тілеуберді де Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің Иранға сапарының күн тәртіпте екенін және Иранмен сауда қарым-қатынастарды дамытудың маңызды екенін түсіндірді. 

Тілеуберді сонымен қатар Иран Президенті Ибрахим Реисиді қазан айында өткізелетін Қазақстан халықаралық жиналысына шақырды. 

 



Ұқсас жаңалықтар