Түрік Мемлекеттері Ұйымы Қазақстанды қолдайтынын мәлімдеді

Түрік Мемлекеттері Ұйымы Қазақстан әкімшілігі мен халқына қажетті қолдауды көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

1760867
Түрік Мемлекеттері Ұйымы Қазақстанды қолдайтынын мәлімдеді

Түрік Мемлекеттері Ұйымы (ТМҰ) қазіргі дағдарысты еңсеруде Қазақстан әкімшілігі мен халқына қажетті қолдауды көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

ТМҰ-на мүше және бақылаушы елдердің сыртқы істер министрлері Қазақстандағы оқиғаларды бағалау үшін кезектен тыс онлайн кездесу өткізген соң мәлімдеме жасады.

Қазақстан мен елдің бауырлас халқына табанды қолдау мен ынтымақтастықты қуаттай отырып, мәлімдеме өз аймағы мен одан тыс жерлерде тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін аса маңызы бар Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылығына назар аударылды.

Мәлімдемеде адам өміріне қауіп төндіретін, қоғамдық тәртіпті бұзатын және мүлікке зиян келтіретін зорлық-зомбылық пен деструктивті әрекеттер айыпталып, Қазақ лауазымдыларының қоғамдық тәртіп пен қалыпты тәртіпті тез арада орнату мүмкіндігіне сенім білдірілді.

Халықаралық құқықтың негізгі нормалары мен қағидаларын қолдаудың маңыздылығына назар аударылған мәлімдемеде Қазақстан әкімшілігінің елдегі конституциялық тәртіпті бұзуды мақсат ететін террористтерге, радикалшылдарға, экстремистер мен қылмыскерлерге қарсы террормен күрес операцияларына қолдау көрсетілетіні атап өтілді.

Қазақстан президенті Тоқаевтың да бауырлас Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартатын реформа күн тәртібіне қолдау берілетіні атап көрсетілген мәлімдемеде тақырыппен байланысты жақын ынтымақтастық пен кеңесу жөнінде келіскені білдірілді.

Қазақстан Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан және Өзбекстанмен бірге ТМҰ-ның бес мүшесінің қатарына кіреді.

Түркіменстан мен Венгрия ұйымның бақылаушы мүшелерінің қатарында.

Қазақстанның батысында 2 қаңтар күні сұйытылған мұнай газының қымбаттауы мен елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты наразылық шерулері елдің басқа аймақтарына да тараған болатын.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің отставкасын қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар