Әлихан Смайылов Қазақстанның жаңа премьер-министрі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Мәжілісінің жалпы отырысында Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынған еді.

1760526
Әлихан Смайылов Қазақстанның жаңа премьер-министрі

Қазақстанның Премьер-министр лауазымына Әлихан Смайылов тағайындалды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Мәжілісінің жалпы отырысында премьер-министр қызметіне Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды.

«Nur Otan», «Ақжол», «Қазақстан Халық Партиясы» депутаттары 12-ші үкімет басшысы ретінде Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын қолдады.

Бұрынғы министрлер кабинетінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарған 50 жастағы Смайылов 5 қаңтар күні сұйытылған мұнай газының бағасының көтерілуіне қарсы наразылықтардың артынан бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин басқарған үкімет отставкаға кеткен соң уақытша үкімет басшылығы міндетін мойындаған болатын.

Смайылов дауыс беруден кейінгі премьер-министр ретіндегі алғашқы сөзінде президент Тоқаев пен оның орынбасарларына осындай уақытта сенім білдіргені үшін алғыс айтты.

Басты міндетінің елдегі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және инфляцияны төмендету екенін айтқан Смайылов «Азаматтардың барлық заңды талаптары есепке алынып, орындалады» деді.



Ұқсас жаңалықтар