Қасым-Жомарт Тоқаев өте маңызды мәлімдеме жасады

Президент Тоқаев " Екі күннен кейін ҰҚШҰ-ның бірлескен бітімгер контингентін кезең-кезеңмен шығару басталады" деді.

1760545
Қасым-Жомарт Тоқаев өте маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасы президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев екі күннен кейін ҰҚШҰ-ның бірлескен бітімгер контингентінің елден шығарыла басталатынын айтты. 

Тоқаев  Парламент Мәжілісінің жалпы отырысындағы баяндамасында елдегі ахуалға байланысты мәлімдеме жасады. 

Жалпы, контртеррористік операцияның негізгі фазасы аяқталғанына тоқталған Президент, еліміздің барлық өңірінде ахуал тұрақты екенін жеткізді. «Осыған байланысты ҰҚШҰ-ның бітімгер күштерінің негізгі миссиясы сәтті аяқталды деп мәлімдеймін. Екі күннен кейін ҰҚШҰ-ның бірлескен бітімгер контингентін кезең-кезеңмен шығару басталады. Контингентті шығару процесі 10 күннен аспайды», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстанға қарсы бір террор соғысы басталғанын білдірген Тоқаев  террористтерге қарсы операцияның ең қиын кезеңінен өткенін атап өтті. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Біз контртеррористік режим жарияладық. Қазақстан ҰҚШҰ-на жәрдем көрсету өтінішін жасады. Біздің өтінішіміз дер уақытында қабылданды. Елордаға үш әскери-көлік ұшағының келгенін білген содырлар президенттік резиденцияны басып алуға бағытталған жоспарларын дереу тоқтатты. Осының арқасында біз қосымша күшті Алматыға жіберуге және қаланы содырлардан қайтарып алуға мүмкіндік алдық» деді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзін жариялады.

"Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына жеке тоқталғым келеді. Бұған қатысты түрлі қауесеттің, әсіресе, шетелде тарап жатқан жаңсақ пікірдің алдын алу қажет. Бұл ұйым ұжымдық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады. Қазақстан – оның толыққанды құрылтайшысының бірі. Осы ұйымның барлық мүшелерінен жасақталған бітімгершілік контингенті Қазақстанға уақытша мерзімге ғана келді. Оған жүктелген міндеттер нақты айқындалған. Бұл – стратегиялық нысандарды күзету және ақыл-кеңес беріп, қолдау көрсету. Лаңкестерге қарсы операцияны толығымен Қазақстанның күштік құрылымдары жүзеге асыруда. Шын мәнінде, солардың жанкешті іс-әрекетінің арқасында төңкеріске жол берілген жоқ" деді Мемлекет басшысы.



Ұқсас жаңалықтар