YTB ғылыми зерттеулерге қолдау береді

«Адам және әлеуметтік даму зерттеулерін қолдау бағдарламасы» іске қосылды.

1760238
YTB ғылыми зерттеулерге қолдау береді

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы YTB ағайын және туысқан қауымдардың дамуы үшін ғылыми зерттеулерді қолдау мақсатында «Адам және әлеуметтік даму зерттеулерін қолдау бағдарламасын» (BESKAP) іске қосты.

YTB-тен жасалған жазбаша мәлімдемеде BESKAP бағдарламасының Түркиямен тарихи, діни, саяси, географиялық және мәдени байланыстары бар қоғамдардың адами және әлеуметтік дамуы туралы жан-жақты ғылыми зерттеулерге қолдау көрсету мақсатында басқарма тарапынан жүзеге асырылғаны атап өтілді.

Бағдарлама аясында жүршіхілетін зерттеулер бауырлас қоғамдар мен Түркия тарапынан атқарылатын саясаттар үшін жол көрсетуші болады. Осы шеңберде жол картасын қалыптастыратын зерттеулерге көңіл бөлінеді.

Бағдарламаға берілетін өтінімдер жеке зерттеушілер арасынан қабылданады, магистратура, докторантура, бакалавр білімін алған жекен зерттеушілер мен ғылым докторы кандидаттары немесе ғалымдар өтінім бере алады.

Басымдық көрсетілетін тақырыптар – жікшілдік,  ана тілде білім алу құқығы, білім беруді мүмкіндік теңдігі, азаматтық қоғам зерттеулері, медиа анализдері, социологиялық және демографиялық зерттеулер және Түркияда білім алған түлектер. Осындай зерттеу жобаларына 20 мың түрік лирасына дейін қаржылай қолдау беріледі.

Өтінімдер бірінші сатыда 7 наурыз күніне дейін қабылданады.  Екінші сатыда 28 наурыз- 30 мамыр 2022  күндері аралығында қабылданады.

Бағдарламаға қатысқысы келетін кандидаттар YTB-нің интернет парақшасындағы бланкты толтырып,  электрондық пошта арқылы жолдауы керек.



Ұқсас жаңалықтар