Қазақстанда тергеуге алынғандар саны 5 мың 135 адамға жетті

ҚР Ішкі істер министрлігі қақтығыстарда ұсталғандар туралы мәлімдеме жасады.

1759596
Қазақстанда тергеуге алынғандар саны 5 мың 135 адамға жетті

Қазақстанда жанар-жағармайдың қымбаттауына байланысты туындаған оқиғаларда араларында шетел азаматтары да бар 5 мың 135 адам ұсталды.

ҚР Ішкі істер министрлігі операциялар барысында ұсталғандар туралы мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде ел көлемінде тергеуге алынғандар санының 5 мың 135-ке жеткені, шерулер кезінде қоғамдық және конституциялық тәртіпті қорғау кезінде жарақат алған қауіпсіздік күштерінің санының 1300-ден астам екені білдірілді. Жанында қару мен ұрланған ұялы телефондар және заттарға қоса көптеген ақшамен көлік немесе жаяу түрде шетелге шығуға әрекет жасаған шамамен 300 адамның да ұсталғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде сондай-ақ «Қазіргі таңда елімізде қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау мақсатында террормен күрес операциясының жалғасуда. Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде жағдай тұрақталды. Бұрын басып алынған жергілікті атқарушы органдардың барлық ғимараттары құтқарылды» делінді.

Кеше елде ұсталғандардың саны 4 мың 266 деп жарияланып, олардың арасында көршілес ел азаматтарының да бар екені айтылды.



Ұқсас жаңалықтар