Чавушоғлу Қазақстанға қолдауды қайталады

Мевлүт Чавушоғлу Түркия және Түрік Мемлекеттері Ұйымы ретінде Қазақстанға әр түрлі қолдау берілетінін айтты.

1759613
Чавушоғлу Қазақстанға қолдауды қайталады

Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Қазақстанның тұрақтылыққа, тыныштыққа және бейбітшілікке оралуын тілейтінін білдіріп:

"Бұл үшін Түркия және Түрік Мемлекеттері Ұйымы ретінде әр түрлі қолдауды береміз" деп көрсетті.

Мевлүт Чавушоғлу Анталияда ұйымдастырылған Әділет және даму партиясының Анкара уәлаятының ақылдасу және бағаландыру жиналысына қатысты.

Чавушоғлу жиналыстағы сөзінде Түркияның сыртқы саясатына тоқталып, барлық жердегі тектес және бауырлас қоғамдардың дертін өзінің дертіміздей қабылдаймыз деп білдірді. 

Мевлүт Чавушоғлу:

"Түркі әлемінің болашағы біздің дертіміз. Қазақстандағы оқиғаларға алаңдаудамыз, тығыз бақылап отырмыз. Президентіміз Түрік Мемлекеттері Ұйымының кезекті төрағасы ретінде Қазақстан президентін қамтыған мүше елдердің басшыларымен кеңесті. Мен Сыртқы істер министрімен сөйлестім. Бақылаушы ел Венгия министрімен кеңестім. Сейсенбі күні Сыртқы істер министрлері жиналысын өткіземіз. Түркия және Түрік Мемлекеттері Ұйымы ретінде мәлімдеме жасадық" деді.



Ұқсас жаңалықтар