Путин Тоқаевпен көп мәрте сөйлесті

Владимир Путин Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан, Армения лидерлерімен Қазақстандағы жағдайды кеңесті.

1759157
Путин Тоқаевпен көп мәрте сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің лидерлерімен сөйлесті.

Ресей Президенттік сарайы Кремльдің мәлімдемешісі Дмитрий Песков журналистерге мәлімдемесінде Путиннің екі күннен бері Қазақстандағы жағдайға байланысты телефон диаломатиясын жалғастырғанын білдірді.

Владимир Путиннің Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Беларусь президенті Александр Лукашенко. Тәжікстан  президенті Имамали Рахман, Армения премьер-министрі Никол Пашиниянмен телефонда сөйлескенін айтқан Песков Қазақстан президентімен көп мәрте сөйлескенін жеткізді. 

Дмитрий Песков:

"Телефонда Қазақстандағы жағдай, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі, тәртіптің орнауы және халықаралық терроризммен күрес үшін Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымының билігі көлемінде ортақ әрекеттер қолға алынды" деп көрсетті.

Песков Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы бейбітшілік күшінің операцияларына байланысты басынан бері Путинге мәлімет бергенін айтты.

Қазақстанның батысында 2 қаңтарда сұйытылған табиғи газ бағасының көтерілуі мен елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты басталған наразылық шерулері ең ірі қала Алматыда зорлық-зомбылық пен қарулы қақтығыстарға ұласты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев наразылық шеруіне жауапты деп санаған үкіметтің отставкаға кетуін қабылдап, оқиғаның таралуына байланысты төтенше жағдай жариялады.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы 2002 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдер Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Армения тарапынан үкіметтер арасындағы әскери одақтастық ретінде құрылды.



Ұқсас жаңалықтар