Қырғызстан Қазақстанға әскер жолдайтын болды

Бұл туралы шешім мәжілісте берілді.

1758857
Қырғызстан Қазақстанға әскер жолдайтын болды

Қырғызстан Қазақстанға әскер жолдайтын болды.  Осыған байланысты құжат Қырғыз мәжілісінде қабылданды.

Мәжіліс қырғыз әскерлерінің Ұжымдық Қауіпсіздік келісімі шарты ұйымының жасақтары шеңберінде Қазақстанға жолдануын талқылау үшін кезектен тыс жиналды. Президент Садыр Жапаровтың бекітуімен Министрлер кабинеті тарапынан мәжіліске ұсынылған құжатты қарау жабық өткізілуіне шешім берілді.

Артынан Қырғызстанның Қазақстанға әскер жолдауына рұқсат беретін құжат көпшілік дауыспен қабылданды. Осылайша өткен апта ант беріп міндетін бастаған жаңа мәжіліс құрамы алғашқы шешімін берген болды.

Сонымен қатар мәжілісте жиналған бір топ елдің Қазақстанға әскер жолдауын көздейтін құжатқа қарсы шықты.

Қырғызстанның көрші елге 150 әскер жолдайтыны білдірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар