Қазақстан президенті елде  барлық тәртіп сақшыларына дайын болуды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев лауазым иелеріне нұсқау берді.

1758093
Қазақстан президенті елде  барлық тәртіп сақшыларына дайын болуды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде  барлық тәртіп сақшыларына «дайын болуды» тапсырды.

Қазақстан президенттік аппаратының мәлімдемесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев қылмысты анықтау мақсатында Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және басқа да уәкілетті органдардың өкілдерінен тұратын «арнайы тергеу тобын» құру туралы шешім қабылдады.

Қарулы Күштерге, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Ішкі істер министрлігіне, Ұлттық ұланға және басқа да құқық қорғау органдарына «жауынгерлердің рухын жоғары ұстауға дайын болуды және шаралар қабылдауды» тапсырған Тоқаев облыс әкімдерінен қаза тапқан полиция және сарбаздардың отбасыларына материалдық көмек көрсетуді сұрады.

Тоқаев Цифрлық даму, инновациялар және авиация өнеркәсібі және Ішкі істер министрліктеріне зардап шеккендер мен із-түзсіз жоғалған азаматтар туралы ақпарат алу үшін «жедел қоңырау» желісін құруды тапсырды.

Бұл ретте Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек Хабар-24 арнасына берген мәлімдемесінде Алматыда түнде қауіпсіздік күштері мен наразылық білдірушілер арасында қақтығыс болғанын айтты.

Шерушілердің әкімшілік және полиция ғимараттарын басып алуға әрекеттеніп жатқанын атап өткен Әзірбек: «Ондаған шабуылшы жойылды. Олардың жеке басы анықталуда» деді.

Алматыда күш құрылымдары бастаған операцияның жалғасып жатқанын жеткізген Әзірбек қала тұрғындарын көшеге шықпауға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар