Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үн қатты

Тоқаев наразылық шерулері кезінде демонстранттардың қауіпсіздік күштеріне кең көлемде шабуыл жасағанын айтты.

1757938
Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үн қатты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың өзін қолдайтынына сенімді екенін айтты.

«Не болса да астанада (Нұр-Сұлтан) боламын. Халықтың жанында болу – менің конституциялық міндетім. Қазақстан тарихындағы бұл қара жолақты бірге еңсереміз. Біз одан күштірек шығамыз» деді ол.

Телеарна арқылы жұртшылыққа үн қатқан Тоқаев наразылық шерулері кезінде демонстранттардың қауіпсіздік күштеріне кең көлемде шабуыл жасағанын айтты.

Қауіпсіздік күштері арасында қаза тапқандар мен жараланғандар бар екені туралы ақпаратпен бөліскен Тоқаев наразылық білдірушілер «бандиттерден құралғанын» айтты.

Тоқаев шерушілер сарбаздарды ұрып-соғып, әйелдерді қудалап, дүкендерді тонап кеткенін айтты.

Қазіргі жағдайдың алматылықтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретінін айтқан Тоқаев дәл осындай жағдай кейбір басқа қалаларда да болғанын және олар бұған шыдай алмайтынын білдірді.

Осы себепті төтенше жағдай жариялағандарын еске салған Президент Тоқаев «Бұл қажетті шара. Президент ретінде мен азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын және елдің тұтастығын қамтамасыз етуім керек» деді.

Бұл шаралардың жеткіліксіз екенін атап өткен Тоқаев бұзақы элементтердің әрекеті қаржылық қолдауға негізделген, мұқият дайындалған жоспары екенін білдірді.

«Президент ретінде бүгіннен бастап Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде араласуға ниеттімін. Бұл мәселе еліміздің қауіпсіздігіне қатысты», - деді Тоқаев.

Тоқаев жұртшылықтың оны қолдайтынына сенімді екенін атап өтіп, сөзін былай деп жалғастырды:

«Не болса да астанада (Нұр Сұлтан) боламын. Халықтың жанында болу – менің конституциялық міндетім. Қазақстан тарихындағы бұл қара жолақты бірге еңсереміз. Біз одан күштірек шығамыз».

Тоқаев алдағы уақытта саяси өзгерістерге қатысты жаңа мәлімдеме жасайтынын және елдегі реформаларға қатысты ұстанымын өзгертпегенін атап көрсетті.

Қазақстандық БАҚ-тың хабарлауынша, ел аумағында төтенше жағдай жарияланған. Шерушілер Алматыдағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға, соның ішінде әкімдікке шабуыл жасап, 120-ға жуық дүкенді, 100-ге жуық кеңсені, 200-ге жуық мейрамхана мен дәмхананы тонап кетті.

Алматы мен Ақтауға рейс тоқтатылып, елорда Нұр-Сұлтанға да ұшатын рейстер тоқтатылды деп хабарланды.

Елдің батысында 2 қаңтардан бастап сұйытылған газ бағасының көтерілуі мен елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауына орай басталған бейбіт шеру жайылды.

 Арты тәртіпсіздікке айналған шерулер кезінде қауіпсіздік күштері мен наразылар арасында қақтығыс болды. Қауіпсіздік күштері полиция мен әскери көліктерді өртеп, үкімет ғимараттарына кірген шерушілерге дыбыс бомбаларымен жауап берді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев наразылық акцияларына жауапты деп санаған үкіметтің отставкаға кетуін қабылдады.

Наразылық шаралары кеңейген соң елде төтенше жағдай  жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар