Көрнекі ақпаратта қазақ тілі міндетті болады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "көрнекі ақпарат" заңын бекітті.

1754566
Көрнекі ақпаратта қазақ тілі міндетті болады

Қазақстанда жарнама секілді көрнекі ақпараттарда орыс тілінің қолданылуының міндеттілігі алынып тасталды.

Қазақстан Президенттік аппаратының интернет парақшасында жасалған хабарламаға сай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды бекітті.

Түзетулерге сәйкес, орыс тілінің жарнама секілді көрнекі ақпарат құралдарында міндетті түрде қолданылуы алынып тасталды.

Осыған орай елде жарнама секілді сырттағы афишалар, баға көрсетілген құлақшалар, ас мәзірі, жол белгілері, ауыл және тарихи мекендердің атаулары секілді көрнекі ақпараттар тек қазақ тілінде жазылады.

Жеке меншік кәсіпорындардың талабымен қазақ тілімен қоса орыс тілі және басқа да тілдерің қолданысына рұқсат беріледі.

Өнім қораптарында және мемлекеттік мекеме ғимараттарындағы маңдайшалар болса екі тілде жазылады. Алайда өнім қораптарында қазақ тілі сауатты түрде, қатесіз жазылуы тиіс.

Сонымен бірге шетелдік фильмдердің қазақ тіліне аудармасы мен дубляждарының сапасына да баса назар аударылады.

Депутат Берік Әбдіғалиұлы: «Мен бұл түзетулер қоғамда, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде барған сайын көтеріліп келе жатқан мемлекеттік тілдің мәртебесі мәселелерін шешуге бір қадам жақындатады деген үмітімді тағы да айтқым келеді. Біз бұл ұсыныстар әрбір азаматтың, әсіресе кәсіпкерлердің жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз» - деді.



Ұқсас жаңалықтар