Әзербайжаннан Түркияға қолдау

Әзербайжан Түркия мен Армения арасындағы қарым-қатынастардың қалыпқа келуін толық қолдайтынын мәлімдеді.

1753182
Әзербайжаннан Түркияға қолдау

Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов жыл қорытындысын бағалау жиналысында жергілікті және шетелдік баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап қайтарды.

Байрамов 30 жылдық басқыншылық жағдайының аймаққа келтірген зиянын түсіндірудің Әзербайжанның сыртқы саясатының басымдықтары арасында екенін атап, Әзербайжан мен Армения арасында жалғасып жатқан сот процестеріне тоқталды.

Екі елдің бір-біріне қарсы халықаралық сотқа шағым түсіргенін еске салған Байрамов Арменияның негізсіз талаптарының көпшілігінің сот тарапынан қабылданбағанын атап көрсетті.

Байрамов Арменияға қарсы Халықаралық сотта күрестерін жалғастыратындарын білдіріп «Біріншіден қоршаған ортаға келтірілген залал және табиғи ресурстарды заңсыз пайдалану бойынша халықаралық соттарға шағымданамыз. Бұл тақырып 2022 жылғы міндеттеріміздің қатарында» деді.

Түркия мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастарды бағалаған Байрамов «2021 жылы 15 маусым күні қол қойылған тарихи Шуша декларациясының маңыздылығын айтқым келеді. Осы декларациямен Әзербайжан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық одақтастық деңгейіне көтерілді» деді.

Министр Байрамов Түркия мен Армения арасындағы қалыпқа келу үдерісіне қатысты «Біз халықаралық құқық қағидаттары негізінде Армения-Әзербайжан қарым-қатынастарын қалыпқа келтіруді жақтаймыз. Тіпті бейбіт келісім бойынша жұмыс істеуге дайын екенімізді жарияладық. Мұның аймақ елдері арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруге негіз болады деп ойлаймын. Бауырлас Түркияның Армениямен қарым-қатынасының қалыпқа келуін толық қолдаймыз. Түркияның осы мәселеге қатысты бүкіл платформаларда жасаған хабарламаларын жоғары бағалаймыз. Құрметті бауырым Түркия Республикасы Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу бұл мәселенің аймақтағы процестерге оң әсерін тигізетінін және осы тақырыптарды Әзербайжанмен талқылағандарын, ортақ мүдде мен көзқарастарымызға қатысты мәлімдемелерінің барлығында тілге тиек етеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар