Минниханов заңға наразылық білдірді

Минниханов Қазан қаласында өткен баспасөз мәслихатында заңдағы аймақтық басқарушы атағын жоғары деңгейде пайдалануға қатысты баптарға баға берді.

1753275
Минниханов заңға наразылық білдірді

 Ресей Федерациясы құрамындағы Татарстан Республикасының президенті Рустам Минниханов өзінің «президент» атағын алып тастайтын заңға қатысты наразылық білдірді.

Минниханов Татарстанның астанасы Қазан қаласында өткен баспасөз мәслихатында заңдағы аймақтық басқарушы атағын жоғары деңгейде пайдалануға қатысты баптарға баға берді.

Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесінің (Татарстан Парламенті) бұл заңға қарсы шыққанына назар аударған Минниханов: "Енді заң қабылданды. Біз заңға бағынатын халықпыз. Бірақ біздің пікіріміз ескерілмеді" деді.

Минниханов Ресей Федерациясы Кеңесі Конституциялық комитетінің төрағасы Андрей Клишас заң жобасын әзірлеушілердің бірі екенін айтты.

«Егер Клишас біздің парламентке келіп, бізбен сөйлесіп, заңды түсіндірсе, біздің ұстанымымыз басқаша болар еді» деді.

Минниханов сонымен бірге аталмыш заңның Ресей президентіне «сенім жоғалуына байланысты аймақ басшысын қызметінен босатуға құқық беретінін» атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар