Қырғызстан түрік іскерлерін инвестиция салуға шақырды

Руслан Қазақбаев Қырғызстан мен Түркия арасындағы сауда және экономикалық ынтымақтастығын күшейту мақсатымен түрік іскерлерін инвестиция салуға шақырды.

1751031
Қырғызстан түрік іскерлерін инвестиция салуға шақырды

Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қырғызстан мен Түркия арасындағы сауда және экономикалық ынтымақтастығын күшейту мақсатымен түрік іскерлерін инвестиция салуға шақырды. 

Руслан Қазақбаев Түркия-Қырғызстан іскерлері, мәдениет, селбесу және достық қоғамының құрылуының 1 жылдығына орай астана Бішкекте ұйымдастырылған құттықтау бағдарламасында мемлекетіндегі түрік іскерлер санының жеткілікті емес екенін білдірді. 

Министр Қазақбаев "Біз үнемі жаңа іскерлерді қабылдауға дайынбыз. Есігіміз айқара ашық. Сыртқы істер министрі барлық мәселені шеше алмайды. Бірақ біз министрлік командамызбен бірге сіздерге қолдау беруге дайынбыз. Қолымыздан келгенін істейміз. Бірге жұмыс істейік" деді. 

Қырғызстанның Инвестицияларды ынталандыру және қорғау агенттігінің директоры Нұрәділ Баясов та Түркияның Қырғызстанда Қытайдан кейін ең көп инвестиция салған екінші елге айналғанын, сондай-ақ 300-ден астам түрік іскерінің Қырғызстанда көптеген салада инвестиция салғанын білдірді. 

Түркияның Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ахмет Садык Доған да Түркия мен Қырғызстан арасындағы барыс-келістің көбеюінің ынтымақтастықтың дамуының ең айқын дәлелі екенін айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар