Түрік мемлекеттері ғарышта ынтымақтасады

Бакуде тарихи қадам басылды.

1750015
Түрік мемлекеттері ғарышта ынтымақтасады

Түрік Мемлекеттері Ұйымына мүше және бақылаушы елдердің ғарыш агенттіктері мен қатысты мекемелерінің алғашқы жиналысы Әзербайжанның бас қаласы Бакуде болды.

Бакуде Әзербайжан ғарыш агенттігінің (Азеркосмос) ұйымдастыруымен өткен жиналысқа Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Венгриядан лауазым иелері қатысты.

Жиналыста ТМҰ-на мүше елдердің ғарыш жобалары жөнінде баяндамалар жасалды, осы салада ынтымақтастықтарды жетілдіру үшін бірге қадам басу бағыттары анықталды.

Жиналысқа Түркия атынан қатысқан Түркия Ғарыш агенттігінің басшысы Сердар Хүсейін Йылдырым «Алдағы жылдары маңызы жақсы түсінілетін тарихи қадам басып отырмыз» деді.

Азеркосмос төрағасы Самеддин Асадов та ірі елдердің ғарышқа үлкен инвестиция салғанын еске салып, түрік мемлекеттерінің де ғарыш жұмыстарында серіктестік жасауы керектігін білдірді.

ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Мирвохид Азимов болса мүше елдердің ғарыш саласында үлкен әлеуеті бар екеніне назар аударып: «Елдердің осы әлеуетті қолдануы, бір бірінің тәжірибесін пайдалануы ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін маңызды инфрақұрылым қалыптастырады» деді.



Ұқсас жаңалықтар