Қазақстан Түркияға кітап сыйлады

Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы кітапты сыйлау рәсіміне қатысты.

1747454
Қазақстан Түркияға кітап сыйлады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбектерін де қамтыған қазақ әдебиетінің 200-ден астам еңбегі Президенттік Сарай Ұлттық кітапханасына сыйға тартылды. 

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы іс-шаралары аясында Қазақстан Түркия Республикасы Президенттік Сарай Ұлттық кітапханасына сыйға тартқан қазақ әдебиетінің 200-ден астам еңбегін тапсырып беру үшін бас қала Анкарада рәсім ұйымдастырылды.

Рәсімге Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы, Қазақстан Ұлттық Академиялық кітапханасының төрайымы Үмітхан Мұңалбаева, Президенттік Сарай Ұлттық кітапханасы басқармасының төрағасы Айхан Туғлу және қонақтар қатысты.

Елші Абзал Сапарбекұлы рәсімдегі сөзінде:

"Президенттік Сарай Ұлттық кітапханасына тапсырылатын кітаптардың Қазақстан мен Түркия арасындағы әдеби және гуманитарлық байланыстарды күшейтуге, қазақ және түрік халықтары арасындағы бауырластықты бекемдеуге есе қосатынына сенемін" деді.

Қазақстан Ұлттық Академиялық кітапханасының төрайымы Үмітхан Мұңалбаева аталмыш кітаптарды Түркияға ұсыну өздері үшін маңызды бір міндет екенін білдіріп:

"Нысанамыз бен тілегіміз Түркі тілдес елдердің берекесін бұзбай, бауырлас түрік халықтарының әдебиеті мен мәдениетін жалғастыру" деді.

Баяндамалардан кейін кітаптар тапсырылды.



Ұқсас жаңалықтар