Елбасының "Тәуелсіздік тағылымы" атты мақаласы жарияланды

Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды.

1743595
Елбасының "Тәуелсіздік тағылымы" атты мақаласы жарияланды

Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес Одағының құрамында болған 70 жылдың еліне ешбір пайда әкелмегенін мәлімдеді.

Назарбаев «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында елінің 30 жылдық тәуелсіздік жолына баға берді.

Көп ұзамай ең қасиетті құнды­лық ретінде ел тәуелсіз­дігінің торқалы тойын атап өтетіндерін атап көрсеткен Назарбаев «Осыдан отыз жыл бұрын біз саналы түрде, өз дүние­танымымыз бен болмы­сымыздың негізі ретінде бостан­дық пен азаттыққа таңдау жаса­дық. Бүгінге дейінгі бұл мерзім  адамзат тарихы үшін қас-қағым ғана сәт болғанымен, орда бұзар жасқа енді толған тәуелсіз Қазақстан үшін ол – үлкен белес, асқаралы асу» деді.

Назарбаев «Арғыда сақ, ғұн бабаларымыз, беріде қаһарман түрік ата­ларымыз аласапыран заман­дардағы алақұйын дауыл­дарға төтеп беріп, Ұлы далада ұлық ұлыс құрды. Талай жұрт алапат соғыстар мен арпалысқан айқастарда үдере көшіп, бордай тозып, тастай үгіліп, құмдай шайылып кеткен заман­дарда қазақтар түрік жұртының ата қо­нысын, қара шаңырағын сақтап қалды» деді.

Өткен ғасырда халықтың «Үлкен ашаршылық» бастан кешкенін атап көрсеткен Елбасы «Бұдан кейінгі қазақ даласын қанға бөк­тірген Азамат соғысы да халқымыз­ға қисапсыз мол қасірет әкелді. Ашаршы­лық­тың екі бірдей толқыны – 1921-22 жыл мен 1930-32 жылдардағы сұрқия сая­сат салдарынан орнаған зұл­мат кезінде қазақтың тең жарты­сы қырылды. Ел есін енді жинай бастаған отызыншы жылдар со­ңында сталиндік қанды репрессия ұлтымыздың сүт бетіне шығар қаймақтарын жалмап кетті, сонымен бірге қатардағы қарапайым азаматтар да қанды қасаптан аман қалмады» деді.

Назарбаев «Тәуелсіздікке берік ірге­тас болып қаланған баба­ла­ры­мыз­дың асыл мұраты – ерлік пен елді­гімізден күш-қуат алып, әр­дайым алға баса берейік» деді.



Ұқсас жаңалықтар