Анкарада Тұңғыш президент күні атап өтілді

Конференция өтіп, көрме ашылды.

1741939
Анкарада Тұңғыш президент күні атап өтілді

1 желтоқсан күні Түркия астанасы Анкарада Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен «Елбасы – түркі ықпалдастығының сәулетшісі» тақырыбында конференция және Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігінің Анкарадағы меншікті тілшісі хабарлады.

Іс-шараға Түркиядағы Қазақстан Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Түріксой Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркия Президентінің бас кеңесшісі Ялчын Топчы және өзге елде елдердің көрнекті қоғам және саясаткерлері қатысты. Қазақстан Елшілігі мен Кечиорен ауданының әкімдігі ұйымдастырған конференция мен көрме тарихи Эстергон ғимаратында өтті. Конференция барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға қосқан үлесі, сонымен қатар түркі ықпалдастығына қатысты бастамалары талқыланды. Олар Елбасын қазіргі заманның Білге қағаны деп атап өтіп, Н.Назарбаевтың жалпы бастамалары түркі әлемінің болашақ ұрпағы үшін баға жетпес мұра болатындығына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар