ТүрікПа мен Қазақстан арасында меморандум

Түркітілдес Мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Мехмет Сүрейя Ер Қазақстанға барды.

1738100
ТүрікПа мен Қазақстан арасында меморандум

Түркітілдес Мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті кітапханасы арасында өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.

Өзара серіктестік туралы меморандум аясында екі мекеме арасында мәдениет, құқық, тарих және тіл салаларында бірлескен зерттеулер жүргізіледі.

 Түркітілдес Мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Мехмет Сүрейя Ер Қазақстанға барды.

Сапар аясында ТүрікПА мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті кітапханасы арасында өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.

Қол қойылған меморандум ТүрікПА-ға мүше мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталғаны айтылды.

«ТүрікПА ретінде біз мұнда Түркітілдес Мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының хатшылығы ретінде меморандумға қол қойдық. Меморандум аясында Түрік әлемінің бірлігі мен тыныштығына үлес қосатын жұмыстар атқаруға күш саламыз. Өздеріңіз білетіндей, біздің мекеме парламенттік өлшемдегі басқа бес бауырлас ұйым арасындағы ынтымақтастықты қолдау және төрелік ету болып табылады» деді Мехмет Сүрейя Ер.  

Келісім аясында мәдениетті, тарихты, тіл мен дәстүрді сақтауға қолдау көрсететін бірлескен іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар мәдени-ағартушылық және ғылыми жобалар қолға алынады.



Ұқсас жаңалықтар