Иран мен Әзербайжан өзара сапарды бастады

Әзербайжан премьер-министрінің орынбасары Шахин Мустафаев Иранға сапарлай барды.

1737102
Иран мен Әзербайжан өзара сапарды бастады

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саид Хатибзаде Әзербайжан премьер-министрінің орынбасары Шахин Мустафаевтің еліне жасаған сапарын қарым-қатынастардағы жаңа кезеңнің бастамасы деп бағалады.

Саид Хатибзаде Тегерандағы Сыртқы істер министрлігі ғимаратында ұйымдастырған баспасөз жиналысында күн тәртіптегі жағдайларға тоқталды.

Әзербайжан премьер-министрінің орынбасары Шахин Мустафаевтің Тегеранға жасаған сапарының бұрын келісімге келген жобаларды атқару мақсатында болғанын айтқан Саид Хатибзаде:

"Баспасөзде шыққан және қажетсіз дағдарысты екі тараптың табанды тұғыры арқылы артта қалдырдық.  Иран мен Әзербайжан қарым-қатынастары жаңа кезеңге кірді, бұл сапар да осы бағытта жасалды. Сапарларымыз алдағы кезеңде жалғасады" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар