Мәжіліс төрағасы Өзбекстан делегациясын қабылдады

Шентоп екіжақты қарым-қатынастардың дамуы үшін өзара сапарлардың маңызды екенін айтты.

1735887
Мәжіліс төрағасы Өзбекстан делегациясын қабылдады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (TBMM) төрағасы Мұстафа Шентоп Өзбекстанда жүріп жатқан реформа және өзгеріс үдерісін жақыннан қадағалағандарын айтты.

Төраға Мұстафа Шентоп Ұлттық Мәжілісте кеше Өзбекстанның Али Мәжілісі Заң шығару палатасының бірінші вице-президенті, Өзбекстан-Түркия парламентаралық достық тобының төрағасы Акмал Саидов және онымен бірге келген делегациямен кездесті.

Шентоп екіжақты қарым-қатынастардың дамуы үшін өзара сапарлардың маңызды екенін айтты.

Ол «Өзбекстан мен өзбек ағайындарымыздың ұлтымыздың жүрегінде алар орны ерекше» деді. Шентоп депутаттардың жиі кездесу мен сапарлар арқылы қолайлы ортаны қамтамасыз ету үшін күш салуы керектігін атап өтті.

Мұстафа Шентоп Түркістан географиясының жетекші мемлекеті Өзбекстанның түрік және ислам өркениетінің ең әдемі туындыларықатн сақтап қалумен қатар, саясат, экономика және қоғамдық жағынан күн санап дамып, күшейіп келе жатқан мемлекет екенін білдірді.

Шентоп: «Өзбекстанның Түркі мемлекеттері ұйымына мүше болғанына өте қуаныштымыз» деді.

Өзбекстанның Али Мәжілісі Заң шығару палатасы төрағасының бірінші орынбасары, Өзбекстан-Түркия парламентаралық достық тобының төрағасы Саидов та Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксойда да, Түркі мемлекеттері ұйымында да бірге әрекет ететіндерін айтты.



Ұқсас жаңалықтар