Тоқаев Түрік Кеңесі саммитінде сөз сөйледі

Тоқаев: "Түркі әлемінің геосаяси перспективасын дұрыс қолдану-баршамыз үшін өте маңызды" деді.

1733439
Тоқаев Түрік Кеңесі саммитінде сөз сөйледі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі әлемінің геосаяси перспективасын дұрыс қолдану керектігін және бұның өте маңызды екенін айтты.

Тоқаев Президент Режеп Тайып Ердоғанның үй иесі болуымен «Цирфлық дәуірдегі Жасыл технологиялар және ақылды қалалар» тақырыбымен Демократия және бостандық аралында ұйымдастырылған Түрік Кеңесінің мемлекет басшылары 8-ші саммитінде сөз сөйледі.

Түрік Кеңесінің мәртебесі және ықпалының жыл сайын артатынын айтқан Тоқаев "Түркі әлемінің геосаяси перспективасын дұрыс қолдануымыз керек. Бұл баршамыз үшін өте маңызды" деді.

Тоқаев климат дағдарысы жаһандық деңгейге жеткен осы кезеңде Түрік Кеңесіне мүше елдер арасында ортақ жұмыстар істеудің маңыздылығын атап өтті.

Жаңа технология, ақылды қалалар және цифрлық салада ортақ жобалар жасауға дайын екенін айтқан Тоқаев "Түрік Мемлекеттері Ұйымының заманданған технопарк орталықтарының қатарына құрылуына байланысты жұмыс істеуге шақырамын. Сонымен қатар келесі жылы информатика тақырыптарында жас мамандарымыздың ортақ форумын ұйымдастыруды ұсынамын" деді.

 



Ұқсас жаңалықтар