«Түркі әлемі: тарих, қазіргі заман, болашақ» халықаралық конференциясы өтті

Конференция шеңберінде «Бірлік» пен 25 жылдық мерейтойлық медальдар табыс етілді.

1730271
«Түркі әлемі: тарих, қазіргі заман, болашақ» халықаралық конференциясы өтті
Türk Dünyası konferansı ve ödül töreni_3.jpg
Türk Dünyası konferansı ve ödül töreni_4.jpg
Türk Dünyası konferansı ve ödül töreni_7.jpg
Türk Dünyası konferansı ve ödül töreni_8.jpg
Türk Dünyası konferansı ve ödül töreni_11.jpg
Türk Dünyası konferansı ve ödül töreni_12.jpg
Türk Dünyası konferansı ve ödül töreni_14.jpeg

Анкарада Түркия Президенті Әкімшілігі жанындағы Ұлттық кітапханада «Түркі әлемі: тарих, қазіргі заман, болашақ» тақырыпты халықаралық конференция өтті.

Конференцияға Түркия Республикасы Президентінің бас кеңесшісі Ялчын Топчу, Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Халықаралық Түріксой ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат, Түркия Республикасы Президентінің Әкімшілігі жанындағы Ұлттық кітапхананың директоры Айхан Туғлу, «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қорының басқарушы директоры Әнуар Жанғозин, Түркі Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Сұлтан Раев, ТүрікПА Бас хатшысының орынбасары Талғат Адуов, Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті Фузули Межидли, түрік мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

Халықаралық конференцияның ашылу баяндамасын жасаған ҚР Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы түркі өркениетінің әлем тарихында өшпес із қалдырғанын, ағайындарды жақындастырып, достарды татуластыратын ортақ тарихтың мұрасының өз өнері, мәдениет, білім және ғылымы екенін білдірді. Сапарбекұлы 1991 жылы Назарбаевтың Кеңес Одағының экономикалық және саяси күйреуінен босағанын, дегенмен үлкен ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерге тап болған Қазақстанды басқарғанын қоса айтты. Түркия Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық кітапхананың директоры Айхан Тұғлу да Нұрсұлтан Назарбаевтың түбі бір түркі жұрты үшін құрметті тұлға екенін тілге тиек етіп, көрме мен конференцияның мекемесінде өткізгеніне қуанышты екенін жеткізе отырып, алдағы уақытта Қазақстандық әріптестермен жан-жақты ынтымақтастық жасауға дайын екенін білдірді.

 

 

“Ел Үміті” бастамасындағы түркілік дүниетанымды тілге тиек еткен «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының атқарушы директоры Әнуар Жанғозин қоғамның қозғаушы күшінің жастар болғанын, жас буынның дамуына аса мән беріп, әрдайым қолдау көрсету қажеттігін, Нұрсұлтан Назарбаев қоры, Елбасы Академиясының әлем деңгейінде жалпытүркілік өркениетті қайта жаңғыртуға бағытталған игі істерге атсалысуға әрқашан дайын екенін білдірді.

 

 

Іс-шара соңында мемлекет пен қоғам қайраткерлеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медальдары Профессор, Мехмет Өз, Дурсун Күвелоғлу, Афшин муниципалитет басшысы Мехмет Фатих Гүвен, Түрік дүниесі сәулетшілер мен инженерлер одағы төрағасы Ильяс Демирджи, Анадолы агенттігі Сыртқы қатынастар басшысы Сердар Махмутоғуллары, Бағджылар муниципалитеті Сыртқы қатынастар директоры Мұстафа Арач, Түрік Йурду журналы директоры Ибрахим Атабей, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің Кеңесші-уәкілі Айдос Қыдырма, Қазақстан Хабар ТРА Түркия тілшісі Меруерт Памбетоваға табыс етілді.

 

 

Биыл сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы бойынша Қазақстан Халқы Ассамблеясының (ҚХА) 25 жылдығына орай құрмет медальдары Этимесгут муниципалитет басшысы Энвер Демирел, Этимесгут муниципалитет басшысының орынбасары Алааддин Сонат, Түркі әлемі жазушылар мен өнершілер қоры төрағасы Яхия Акенгин, аға оқытушы Профессор Мамет Исмаил, Еуразия жазушылар одағы төрағасы Якуб Өмероғлу, TRT Түркияның Үні радиосы қазақ редакциясы қызметкері, аудармашы Уфук Тузман, «Илесам» төраға орынбасары, ақын Илтер Йешилай, Ахмет Ясауи қоры төрағасы Исметуллах Ясауи, Түріксой Бас хатшылығы Сыртқы қатынастар бөлімі төрайымы Ясемин Ваудабле, Түріксой халықаралық координация бөлімі төрағасы Арман Нұрмахаматұлына берілді.

 

Іс-шара аясында Елбасы кітапханасы мен Түркия Президентінің жанындағы Ұлттық кітапхана арасында меморандумға қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар