«Қазақстан жолы: Түркі Бірлігі» көрмесі Анкарада ашылды

ТР Президент әкімшілігінің Ұлттық Кітапханасында «Қазақстан жолы: Түркі Бірлігі» тақырыпты халықаралық көрме ашылды.

1730148
«Қазақстан жолы: Түркі Бірлігі» көрмесі Анкарада ашылды
Kazakistan Yolu_Türk Birliği sergisi_04.jpg
Kazakistan Yolu_Türk Birliği sergisi_00.jpg
Kazakistan Yolu_Türk Birliği sergisi_01.jpg
KC Büyükelçisi Abzal Saparbekulı.jpg

Анкарада Түркия Республикасының Президент әкімшілігінің Ұлттық Кітапханасында «Қазақстан жолы: Түркі Бірлігі» тақырыпты халықаралық көрме ашылды. Көрме Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының бастамасымен, Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен және ТР Президенті Әкімшілігінің қолдауымен жүзеге асты.

 

Көрменің ашылу салтанатына Түркия Президентінің Бас кеңесшісі Ялчын Топчу, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Халықаралық Түріксой ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шетелдік таныту және мәдени байланыстар департаменті директорының орынбасары Үміт Ачар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат, ТР Президент әкімшілігінің Ұлттық Кітапханасы Басшысы Айхан Туғлу, «Елбасы академиясы» корпорациялық қорының меңгеруші директоры Әнуар Жанғозин және Түркі Кеңесі, ТүрікПа, Түрік Академиясы сияқты Халықаралық түркі ұйымдарының бас хатшы орынбасарлары, елшілер, түрік мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым, БАҚ өкілдері қатысты. Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандарымен басталған шарада ТР Президент әкімшілігінің Ұлттық Кітапханасы Басшысы Айхан Туғлу Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның көрменің ашылуына орай жолдаған құттықтау хатын оқып берді.

 

Түркия Президенті құттықтауында «Халықтарымыз арасындағы тіл, наным-сенім, тарих сынды өнегелі көпірлерді бұлжытпай сақтау арқылы «тілдегі, ойдағы және істегі бірлікті» қамтамасыз ететінімізге сенеміз. Ұлттық кітапханасы шаңырағында өтетін «Қазақстан жолы: Түркі бірлігі» көрмесін осы бағыттағы маңызды қадам деп санаймын» деп жазған. Ердоған «Түркі әлемінің сарабдал көшбасшысы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Назарбаевтың бұл үдерістегі бекем ұстанымы бізді жігерлендірді. Президент Тоқаев мырза да біздің Түркі әлеміндегі ынтымақтастығымыздың табысты дамуына белсенді үлес қосуда /... Көрмеміз Қазақстан тарихы мен этнографиясынан үлгілерді көруге және Түркия-Қазақстан қарым-қатынасының дамуына куә болған құндылықтарды тамашалауға мүмкіндік береді» деді. Ашылу баяндамаларының соңында Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы көрме туралы мәлімет беріп, «Қазақстан жолы: Түркі бірлігі» деп аталуының кездейсоқ еместігін айтты. Қазақстанның өзіндік модернизация жолын құрғанын білдірген Елші «көпвекторлық» деп белгіленген теңгерімді саясат аясында Қазақстанның түрік әлемінде белсенділік танытып отырғанын және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев түрік әлемі интеграциясының сәулетшісі ретінде қабылданғанын атап өтті. Ашылу сөзінен кейін көрменің тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды.

 

2021 жылдың 5-7 қарашасы аралығында Ұлттық кітапханасында жұмыс істейтін көрме «Ұлы Дала елі: кеше мен бүгін арасы», «Қазақстан жолы» және «Түркі Бірлігі» бөлімдерінен тұрады. Көрменің негізгі мақсаты – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазіргі қазақстандық мемлекеттілік тұжырымдамасын жүзеге асыру нәтижесі негізіндегі Қазақстан Республикасы дамуының маңызды кезеңдерін көрсету. Көрмеде Елбасы кітапханасының архив, кітап, музей қорындағы 400-ден астам сақтау бірлігі, оның ішінде киім, қару, әскери және ат әбзелдері топтамасындағы заттар, азаттық үшін күрестің түрлі кезеңдеріндегі Қазақстан тарихы бойынша артефактілер келушілердің назарына ұсынылады.

 



Ұқсас жаңалықтар