Анкарада бірнеше кітаптың тұсауы кесілді

16. Анкара кітап жәрмеңкесі аяқталды.

1727359
Анкарада бірнеше кітаптың тұсауы кесілді
Kazakistan_kitap_fuar_Yakup_kazakça
Kazakistan_kitap_fuar_kazakça_Zorlu

Түркияның бас қаласында 16. Анкара кітап жәрмеңкесі аяқталды.

 16. Анкара кітап жәрмеңкесінде қонақ ел биыл Қазақстан болды. Қазақстан елшілігі жәрмеңке шеңберінде бірнеше кітаптың тұсаукесер рәсімі мен кітап авторларымен кездесу өткізді.

27 қазан күні Проф. Док. Күршад Зорлуның «Ұлы Даланың жаңғыруы: Нұрсұлтан Назарбаев» атты түрік тілінде жарық көрген кітабы таныстырылды.

Аталған кездесуге Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы да қатысты.

 30 қазанда Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі және Еуразия жазушылар одағы бірлесе дайындаған екі кітаптың тұсаукесері болып өтті.

«Жыраулардың сөзімен Абай» өлеңдер жинағының тұсаукесер рәсіміне кітаптың авторлары Орхан Сөйлемез, Гөксел Өзтүрік, Сабина Саид және зиялы қауым өкілдері, студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Тұсаукесер жиынында сөз алған Еуразия жазушылар одағының басшысы Якуп Өмероғлу кітап бауырлас елдер арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі нығайтады деген сенімін білдіріп, бүгінге дейін Қазақстанның Түркиядағы Елшілігімен бірлесе басылған кітаптар туралы баяндады.

Аталған кітаптың авторы Проф.Док. Орхан Сөйлемез Абайды жастарға таныстыру, оны түрік оқырмандарына кеңінен жеткізудің маңыздылығына тоқталды. Абай шығармаларының бүкіл түркі жұртына мұра екендігін атап өткен автор бұл шығармада түркі әлеміндегі ақындардың Абайға туралы өлеңдері жинақталғанына тоқталды. Бұл шығарма Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Абайдың 175 жылдығына арнайы әзірленді.

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі және Еуразия жазушылар одағы дайындаған екінші кітап Әбіш Кекілбаев шығармаларының түрікше жинағы болды. Аталған жинақты Проф.Док. Орхан Сөйлемез, Док. Якуп Өмероглу, Салтанат Ұзақбайқызы Гүзел және Самет Йылдыз дайындаған.

Проф.Док. Орхан Сөйлемез өз сөзінде Әбіш Кекілбаев шығармасымен бұрыннан таныс екенін, оның шығармаларын түрікше сөйлету арманы болғанына тоқталды. Ол бірнеше жылдық зерттеу жұмысынан кейін түрік тіліне аударылып басылған бұл кітаптың оқырмандарды тамсандыратынына сенімін білдірді.

Қазақстанның халық жазушысы, қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев туралы сөз сөйлеген Салтанат Ұзақбайқызы Гүзел «Әбіш Кекілбаев - XX ғасырдағы қазақ қауымының, түркі әлемінің заңғар жазушысы. Қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі» деді.

Жиын соңында қонақтарға кітап тарту етілді. Кітап авторларына Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы атынан алғыс хаттар табысталды.



Ұқсас жаңалықтар