Әлиев Ердоғанды Республика күнімен құттықтады

Әзербайжан президенті Ердоғанға 29 қазан Республика күні мерекесіне орай құттықтау жолдады.

1726283
Әлиев Ердоғанды Республика күнімен құттықтады

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев президент Режеп Тайып Ердоғанға 29 қазан Республика күні мерекесіне орай құттықтау жолдады. 

Хабарламасында Түркия Республикасының құрылу жылдығына орай Ердоған және түрік халқын өзі мен Әзербайжан халқы атынан құттықтаған Әлиев саяси, экономикалық және әскери тұрғыдан мықты, тұрақты ел ретінде Түркияның халықаралық майданда өте маңызды орынға ие екенін айтты.

Әлиев Ердоғанның басшылығымен жүзеге асқан ауқымды бағдарламалар және жобалардың Түркияның ілгерілеуі мен өркендеуіне жан-жақты қызмет ететінін атап, түрік халқының Ердоғанға деген үлкен сенімінің стратегиялық даму желісінің сәтті болуында ең маңызды фактор екенін білдірді. 

Түркия мен Әзербайжан арасындағы достық пен бауырластық қарым-қатынастардың екі халықтың ортақ тарихы, ұлттық және рухани құндылықтары сияқты берік негіздерге құрылғанын атап көрсеткен Әлиев хабарламасында «Қазір бұл қатынастардың тарихи кезеңіне куә болып отырмыз. Шуша декларациясында айтылған міндеттер мен бағыттарға сәйкес одақтастық қатынастарымыз күннен-күнге кеңейіп, жаңа мазмұнмен байып келеді. Әзербайжанның өз жерлерін азат ету жолындағы күресінде сіздердің, бауырлас түрік мемлекеті мен халқының табанды саяси және моральдық қолдауы үлкен рөл атқарды. Әзербайжан мен Түркияның ынтымағын күллі әлемге тағы бір мәрте паш еткен бұл қолдауды халқымыз ешқашан ұмытпайды. ‘Бір халық, екі мемлекет’ қағидасы аясында бірлігіміз бен барлық салалардағы тиімді және белсенді ынтымақтастығымызды одан әрі нығайту және дамыту үшін бірлескен күш-жігерімізді жалғастыратынымызға толық сенемін» деді. 



Ұқсас жаңалықтар