Алматыда түрік кинофильмдері апталығы басталды

Түрік фильмдері апталығы 27-31 қазан аралығында өтеді.

1726106
Алматыда түрік кинофильмдері апталығы басталды

Қазақстанның Алматы қаласында 6-шы түрік фильмдері апталығы басталды.

Бауырлас елдер арасына тағы бір көпір қосуды мақсат еткен Түрік фильмдері апталығы 27-31 қазан аралығында өтеді.

Киноапталық «7-ші камерадағы ғажайып» атты фильммен басталды. Салтанатты кешке Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, продюсерлер, режиссерлер мен актерлер, сондай-ақ Қазақстан азаматтары қатысты.

Әділет және даму партиясының депутаты, «Жергілікті ой» қауымдастығының басшысы  Метин Гүндоғду «Біз алты жыл бұрын жолға шыққан болатынбыз. Енді осы жолдың мәресіне келдік. Қорқыт Ата кинофестивалі Түркияда ұйымдастырылатын болады. Біз бұл фестивальдің инфрақұрылымын алты жыл бойы дайындадық. Шүкір, Мәдениет және туризм вице-министрі Ахмет Мисбах Демирджан да осы жұмысқа баса назар аударып, қолдау көрсетті» деді.

 «Сонымен қатар Түркия осы аймақта бірлескен жұмыс жүргізгісі келеді. Бірлескен қорлар құрылуы керек. Яғни түрік әлемінің кино қоры құрылуы керек. Оның инфрақұрылымы да қалыптасуда» деді ол.

Киносүйер қауымның қатысуымен өткен шараға «7-ші камерадағы ғажайып» фильмінің жас актрисасы Ниса София Аксунгур қонақ болды. Сондай-ақ түрік әртістері өнер сүйер қауыммен кездесу өткізді.

Актер Сезгин Ердемир «Бұл кино апталығы мен үшін маңызды. Менің түрік фильмдері апталығына үшінші рет қатысуым. Келген сайын ерекше толқу, ерекше сезім. Қазақ халқының бізді осындай жылы қарсы алуы жүрекке қуаныш сезімін ұялатады. Мен өзімді үйдегідей сезінемін» деді.

Түрік фильмдері апталығы аясында үздік түрік режиссерлердің марапат алған 6 туындысы көрсетіледі.

Киноапталық шеңберінде сондай-ақ  фильм көрсетілімінен кейін әртістер мен көрермендер арасында кездесулер ұйымдастырылады.

Сонымен бірге түрік делегациясы қазақстандық кино әртістерімен екіжақты кездесулер өткізіп, бірлескен туындылар бойынша сұхбаттар өткізеді.



Ұқсас жаңалықтар