Ердоған мен Әлиев баспасөз жиналысын өткізді

Ильхам Әлиев: "Күллі Түркі әлемі үшін Ердоған басты қайраткерлердің бірі" деді.

1725380
Ердоған мен Әлиев баспасөз жиналысын өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған Таулы Қарабахтың маңызды транзит логистикалық орталықтардың біріне айналатынын білдіріп:

"Зенгезурдан жолға шығып Стамбулға жететін күн де келеді және аймақтың транзит логистикалық орталықтарының біріне айналу орнын бекемдейді" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған сапармен барған Әзербайжанда президент Ильхам Әлиевпен бірге Бірінші Агалы ауылында ортақ баспасөз жиналысын ұйымдастырды.

Президент  Ердоған Әзербайжан мен Армения қарым-қатынасына байланысты:

"Түбегейлі бейбітшіліктің орнауы және қалыпқа түсу бағытында ілгерлеу ортасы бүгін тамаша жағдайда" деді.

Президент  Ердоған Армения Әзербайжанға қарата шынайы жігер көрсетсе, Түркиямен қарым-қатынастарының жақсаруы үшін кедергі қалмайтынын айтты.

Президент  Ердоған  Әзербайжанның көршілерімен байланысы жөнінде:

"Шекараларды белгілеп, өзара тану маңызды. Жақсы көршілік қарым-қатынастардың негізін осы түсінік қалыптастырады" деп көрсетті.

Баспасөз жиналысында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев:

"Өз халқын, елін, халқының мүддесін, абыройын қолдап-қорғаған лидер Ердоған Әзербайжанға келді. Күллі Түркі әлемі үшін Ердоған - мықты қайраткерлердің бірі" деді.

Зенгезур дәлізінің бүкіл Түркі әлемінің басын қосатынын айтқан Әлиев:

"Әрі Түркия, әрі Әзербайжан Зенгезур дәлізін жасау үшін қажетті қадамдарды басады" деді. 



Ұқсас жаңалықтар