«Дунайдан Орхонға Түрік әлемі раллиі» өтеді

Ралли командасын шығарып салды.

1725325
«Дунайдан Орхонға Түрік әлемі раллиі» өтеді

Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой және «Шығыс батыс достық және бейбітшілік раллиі» қауымдастығының ынтымақтастығымен «Дунайдан Орхонға Түрік әлемі раллиі» командасы жолға шықты.

Түрік әлемінің, қәдім түрік географиясының және халықтарының мәдениетін әлемге таныстыру мақсатымен 2022 жылы өтетін раллидің  командасын Түріксойдан шығарып салды.

«Шығыс батыс достық және бейбітшілік раллиі» қауымдастығының басшысы Надир Серин мен қасындағы делегация маршрут бойын қарастыру мақсатымен жолға шықты.  Команда алдымен Түріксой бас ғимаратына соғып кетті.

Раллиді бірнеше жылдан бері ұйымдастырып келген қауымдастықтың басшысы Надио Серин және қасындағы команда мүшелері Айше Угурлу, Айдын Юкселмиш, Бурхан Узун, Бурхан Арас және Джем Йылдырым көліктеріне Түріксой логотиптерін жапсырды.

Германиядан Дунай өзені жағасынан жолға шығып, Австрия, Венгрия, Сербия, Болгария және Түркияда маршрутты аяқтағаннан кейін Грузия, Әзербайжан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан және Ресей Федерациясы арқылы Моңғолстанға қозғалатын командағы Түріксой бас хатшы орынбасары Билал Чакыджы игі тілек білдіріп, табыс тіледі.



Ұқсас жаңалықтар