Ерсин Татар түрік әскерлерінің қалуы керектігін айтты

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Президенті Ерсин Татар белгілі санда түрік әскерлерінің Кипрде қалуы керектігін білдірді.

1720545
Ерсин Татар түрік әскерлерінің қалуы керектігін айтты

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Президенті Ерсин Татар белгілі санда түрік әскерлерінің Кипрде қалуы керектігін білдірді.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Президенті Ерсин Татар астана Анкарада жасаған мәлімдемесінде Кипр түріктерінің аралда ұзақ жылдан бері күресіп келгенін еске салып, Түркияның осы күресте әрқашан қасында екенін айтты.

Ерсин Татар Кипрде жаңа бір кезеңнің басталғанын баяндап, "Атамекен Түркиямен бірге дамытқан жаңа бір саясатымыз бар. Кипрде бірге өмір сүретін екі бөлек егемендікке негізделген мемлекеттің ынтымақтастығымен бір келісім жасауға болады" деді.

Түркияның әрқашан Кипр түріктерінің қасында болғанын түсіндірген Татар "Көгілдір отан және Жерорта теңізде жарыққа шыққан ресурстармен Солтүстік Кипр Түрік Республикасын күшейту және бұл жердегі ұлттық мүдделерді қорғау бізге жарасады" деген сөздер қолданды.

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар