Түркия мен Әзербайжан арасында жұмыс бағдарламасы қабылданды

Қоршаған орта және қала министрі Мурат Курум Әзербайжанда Қоршаған орта және Табиғи ресурстар министрі Мухтар Бабаевпен кездесті.

1718609
Түркия мен Әзербайжан арасында жұмыс бағдарламасы қабылданды

Түркия мен Әзербайжан  арасында қоршаған ортаны қорғау жұмысының бағдарламасы қабылданды.

Қоршаған орта және қала министрі Мурат Курум Әзербайжанда Қоршаған орта және Табиғи ресурстар министрі Мухтар Бабаевпен кездесті.

Курум Әзербайжандық бауырларын әрқашан жандарында көргендерін, көруді жалғастыратындарын айтты.  Ол Қарабахта көп нәрсенің қирағанын айтып: «Әзербайжан мықты ел ретінде барлығын жасайды.  Біз де министрлік ретінде ынтымақтастығымызды жоғары деңгейде ұстаймыз» деді.

Әзербайжанмен қоршаған ортаны қорғау саласында бұдан бұрын да келісім хаттамасына қол қойғандарын еске салған министр Әзербайжан үшін жасалуы керек барлық ынтымақтастыққа дайын екендерін қайталады.

Әзербайжан министрі Бабаев те қоршаған орта және климат өзгерісінің зияндарын азайту тақырыбында Түркиямен ынтымақтастықты жылдамдатқандарын айтты.  Ол Қарабахта ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілгенін еске салып: «Қарабахта да бірігіп жұмыстанып, Түркияның тәжірибесін пайдаланғымыз келеді. Климат өзгерісі тақырыбында да Түркиямен ынтымақтастықты жетілдіру ниетіндеміз» деді.

Кездесуден кейін екі министр «Қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтастық келісімін орындау жөніндегі екі жылдық бағдарламаны» бекітті.



Ұқсас жаңалықтар