Ердоған Әлиевке телефон шалды
Әлиев Ердоғанның соғыс кезінде Әзербайжанға берген саяси және рухани қолдауына алғыс айтты.
Президент Режеп Тайып Ердоған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке "Шейіттерді еске алу күніне" орай телефон шалды.
Әзербайжан Президенттік сарайынан жасалған мәлімдемеде Ердоған телефонда Қарабах соғысында шейіт болған әскерлер үшін Әливке тағы бір мәрте көңіл айтқаны және жеңіске орай құттықтағаны білдірілді.
Телефондағы әңгімеде Ердоғанға алғыс айтқан Әлиев Ердоғанның соғыс кезінде Әзербайжанға берген саяси және рухани қолдауын мақтады.
Ердоған мен Әлиев Түркия мен Әзербайжан арасындағы достық пен бауырластық қарым-қатынастарды барлық салада дамытып, күшейтуді жалғастыруға сенетіндерін тілге тиек етті.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған мен Әлиев Анкарада бас қосты
Кездесуде Израильдің Газа секторына жасаған қырғынынан бастап көптеген тақырып талқыланды.
Ильхам Әлиев Түркияға жұмыс сапарымен келді
Ильхам Әлиев президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен бүгін Түркияға жұмыс сапарымен келді.