"Жаттығу аймақ тұрақтылығына қызмет етеді"

Бұл туралы Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Лейла Абдуллаева жеткізді.

1704678
"Жаттығу аймақ тұрақтылығына қызмет етеді"

Арменияның басқыншылығынан азат етілген Лачын ауданында Түркия мен Әзербайжан сарбаздары ұйымдастырған бірлескен оқу-жаттығу аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге қызмет етеді.

Бұл туралы Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Лейла Абдуллаева жеткізді.  Ол  Армения Сыртқы істер министрлігінің Түркия мен Әзербайжан Лачын аймағында ұйымдастырған бірлескен жаттығуын сынға алған мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

Абдуллаева өзінің территориясында әр түрлі жаттығулар өткізу әр мемлекеттің егеменді құқығы екенін айта отырып, былай деді: «Әзербайжан әріптес елдердің қатысуымен өз аумағында көптеген әскери жаттығулар өткізді. Лачында басталған бірлескен әскери жаттығу да осындай қадам болып табылады және аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге қызмет етеді».

Абдуллаева Арменияның бұрыннан келе жатқан шабуылдаушы және басқыншылық саясаты халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретінін атап өтті.

Түркия мен Әзербайжан сарбаздары Лачында бірлескен жаттығу бастап, Армения Сыртқы істер министрлігі де бұл жаттығудың аймақтық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретіні туралы мәлімдеме жасаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар