Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда көлемі 15 есе артты

Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады.

1704673
Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда көлемі 15 есе артты

30 жылда Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда көлемі 15 есе артты.

Бұл туралы Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады.

Министр келесі жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым -қатынастың 30 жылдығын атап өтетіндерін еске сала отырып, сауда қарым -қатынасының оң дамуымен ілгерілеп келе жатқанын айтты.

Сұлтанов 1990 жылдардың басында сауда көлемі 200 миллион доллар шамасында болғанын айта отырып, былай деді: «Екі елдің сауда көлемі 30 жылда 15 есе өсті. Қазіргі уақытта Түркия - біздің елдің 10 ірі сауда серіктестерінің бірі»

Министр  ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында сауда көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға өсіп, 1 миллиард 788 миллион долларға жеткенін айтты.

Ол  ортақ мақсат - тауар айналымын қысқа мерзімде 5 миллиард долларға дейін жеткізу және ұзақ мерзімді перспективада 10 миллиард долларға жеткізу екенін еске салды.

Сұлтанов «Қазіргі уақытта өзара саудадағы тарифтік емес және техникалық кедергілерді жою үшін қазақстандық-түрік жұмыс тобы құрылып жатыр. Осы топтың бірінші отырысы биыл өтеді деп күтеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар